Атыраулық полицейлер түнде көпірден секірмек болған қызды құтқарды
Атыраулық полицейлер түнде көпірден секірмек болған қызды құтқарды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
21 ақпан күні сағат 03:08 шамасында Жедел басқару орталығының қызметкерлері Атырау мөлтек ауданындағы көпір үстінде белігісіз әйел адамның секіргелі тұрғандығын байқаған.
Жедел басқару орталығының кезекші инспекторы Гүлмира Таздарбаева ЖБО бейнекамерасымен анықтап, радиоқабылдағышы арқылы жақын маңдағы ППБ Батыс қызметкерлеріне бағыттама берген. Оқиға орнына жеткен полицейлер көпірден секірмек болған 23 жастағы қызды құтқарды.
– Барлығы жақсы аяқталғанына қуандым. Хабарламаны естігенде көпірге үлгеріп жетуді ғана ойладық. Азаматша көпір үстінде тұр екен, тек шапшаңдық қажетін түсіндім, – деді полицей Ерболат Магзомов.