Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодарлық полицейлер жастармен бірлесіп жолдарда эксперимент жасады

Павлодарлық полицейлер жастармен бірлесіп жолдарда эксперимент жасады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Павлодарлық полицейлер «Жол-көлік оқиғасының салдарын көр» атты ерекше акция өткізді. Іс-шараның мәні, егер азаматтар жолды белгіленбеген жерден кесіп өтсе, онда полицейлер құқық бұзушыға мүгедектер арбасын немесе балдақтарды «киіп көруді» ұсынды.

Естеріңізге сала кетейік, Павлодар облысының аумағында балалардың жол-көлік жарақатының алдын алу мақсатында 14-28 ақпан аралығында «Жолдардағы балалардың қауіпсіздігі» жедел алдын алу іс-шарасы өткізіледі.

– Эксперимент нәтижесінде, полиция қызметкерлері 13 павлодарлықты тоқтатты, олар жолдың жүру бөлігін белгіленбеген жерлерден өткен. Барлығымен түсіндіру жұмыстары жүргізілді, әрқайсысына жолдағы оқиғалардың салдары туралы ескертілді. Бұл экспериментті Ритм шығармашыл жастар бөлімімен бірлесіп өткіздік, – деді Павлодар облысы Полиция департаментінің Жергілікті полиция қызметінің аға инспекторы Серік Жұмалиев.

– Мен микроавтобустан шығып, жолдан өтпек болдым. Бұл жерде белгіленген өту жолы жоқ екенін білемін, бірақ жолды қысқартқым келді. Мен мүгедектер арбасына отырып көрдім, бұл өте қорқынышты екен, енді мен асығудың қажеті жоқ екенін түсіндім. Мүгедек арбасына байланғаннан гөрі қосымша 5 минутты жоғалтқан дұрыс, – деп Асыл өз сезімдерімен бөлісті.

– Біз дүкеннен шығып, жолды тезірек өтпек болдық, бірақ полиция қызметкері бізді тоқтатып, бізге бәрін түсіндірді. Жолдағы бұзушылықтарға байланысты адамдар мүгедек болып, өз бетінше қозғала алмайтындығы жайында мысалдар келтірді. Шынымды айтсам, мен  енді жолда белгіленген орындардан ғана өтемін, – дейді 19 жастағы павлодарлық.

Айта кету керек, жедел алдын алу іс-шарасы барысында 418 жаяу жүргінші жауапкершілікке тартылды.        

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру