Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО-да ішкі істер органдарының қызметкерлері шаңғы жарысынан үздіктерді анықтады

СҚО-да ішкі істер органдарының қызметкерлері шаңғы жарысынан үздіктерді анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

“Динамо” дене шынықтыру-спорт қоғамы спартакиадасы бағдарламасының дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын шаңғы жарыстары Борки кентіндегі спорт базасында өтті. Жарысқа қоғамның 17 дене шынықтыру ұжымы қатысты.

Спорттық мерекенінің шымылдығын Полиция департаменті бастығының орынбасары Руслан Назаров ашты. Ол погондағы спортшыларға абыроймен сайысқа түсіп, жеңіске жетуді тіледі. Сондай-ақ, қысқы спорт түрлері төзімділікті, күш-жігерді шындайтынын атап өтті.


Жарысты қыздар бастады. СҚО Полиция департаменті инспекторы Татьяна Долбышева арақашықтықты төрт минуттай уақыт ішінде бағындырды. Екінші болып мәре сызығына 6637 әскери бөлімінің әскери қызметшісі қатардағы Оксана Борсай жетті. Қыздар арасындағы сайыста үшінші орынды Мамлют ауданы полиция бөлімінің қызметкері Юлия Волошина иеленді.Ерлер арасында ҚР ҰҚК Шекара қызметінің әскери қызметшісі Алексей Михеев топ жарды. Екінші орынды Ұлттық ұланы академиясының өкілі Ердәулет Жанғали иеленсе, үшінші орын Бақытжан Жангулинге бұйырды.

Жалпыкомандалық біріншілікте спартакиаданың бірінші түрінің чемпиондары Ұлттық ұлан академиясы атанды. Екінші орынды – 6637 әскери бөлімінің әскери қызметшілері алса, үшінші жүлделі орынды облыстық Полиция департаменті командасы иеленді.

Спартакиада бағдарламасының келесі кезеңі наурыз айының басында өтеді, күш құрылымдары командалары арасында волейбол бойынша жарыстар жоспарланған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру