Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

“Балалардың жолдағы қауіпсіздігі”: шымкенттік полицейлер 800-ден астам әкімшілік хаттама толтырды

Шымкенттік полицейлер “Балалардың жолдағы қауіпсіздігі” жедел-профилактикалық ic-шарасы барысында 800-ден астам әкімшілік хаттама толтырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

14 ақпаннан бастап Республика көлемінде өтіп жатқан “Балалардың жолдағы қауіпсіздігі” жедел-профилактикалық ic-шарасы барысында тәртіп сақшыларымен біршама жұмыстар атқарылды. Атап айтқанда, іс-шара барысында мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында 657 семинар, дәрістер оқылды. Сонымен қатар, балаларды көлікпен тасымалдайтын жүргізушілерге жол-көлік оқиғаларының алдын алу үшін белгіленген авто кресломен тасымалдау туралы сұхбаттар жүргізілді.

Шымкенттік полиция қызметкерлерімен ic-шара барысында қала аумағында бүгінгі таңға дейін жалпы 823 әкімшілік хаттама толтырылған. Оның ішінде, ҚР ӘҚБтК-нің 594-бабы (Жол қиылыстарынан өту қағидаларын бұзу немесе жолдың жүру бөлiгiн кесiп өту) бойынша 139 тұрғын, ҚР ӘҚБтК-нің 600-бабымен (Көлiк құралдары жүргiзушiлерінiң жол жүрісі қағидаларын адамдардың денсаулығына зиян келтiруге, көлiк құралдарының немесе өзге де мүлiктiң бүлінуіне алып келген бұзушылығы) – 118 тұлға жауапқа тартылды. Сондай-ақ, ҚР ӘҚБтК-нің 593-бабы (Жол жүрiсi қағидаларында көзделген жолаушыларды және жүктердi тасымалдау, қауiпсiздiк белдіктерiн немесе мотошлемдердi пайдалану жөніндегі талаптарды сақтамау) бойынша 81 жүргізушіге, ҚР ӘҚБтК-нің 597-бабы (Көлiк құралдарын тоқтату немесе тоқтап тұру қағидаларын бұзу) бойынша 150 тұрғынға, ҚР ӘҚБтК-нің 615-бабына (Жаяу жүргiншiлердiң және жол жүрісіне өзге де қатысушылардың жол жүрісі қағидаларын бұзуы) сәйкес 335 жаяу жүргіншіге әкімшілік хаттама толтырылды.

Айта кетейік, жолдардағы жүргізушілер мен ата-аналардың  қырағылығын арттыру және балалардың көше мен жолдағы қауіпсіз мінез-құлыққа байланысты дағдыларын  қалыптастыру мақсатында жұмыстар 23 ақпанға дейін жалғасады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру