Шымкентте бейнебақылау камераларының көмегімен 5 қылмыс ашылды
Шымкентте бейнебақылау камераларының көмегімен бес қылмыс ашылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
14-20 ақпан аралығында Шымкент қаласының Полиция департаменті Жедел басқару орталығының 102 арнасына түрлі сипаттағы 7 524 қоңырау түсті. Бір апта ішінде бейнебақылау камераларының көмегімен бес қылмыс ашылды. Оның ішінде екі ұрлық, бұзақылық және екі көлікті заңсыз иемдену жайты. Айта кетейік, бейнебақылау камералары құқық бұзушылықтардың алдын алуға және қылмыстарды «ізін суытпай» ашуға үлкен көмек көрсетеді.
Сонымен қатар, 2 229 әкімшілік құқық бұзушылық фактісі анықталды. Тәртіп бұзушылар ҚР ӘҚБтК-нің 434-2-бабы (Ортақ пайдалану орындарын ластау) бойынша 132, ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабымен (Алкогольдік ішімдіктерді ішу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу) – 51 адам, ҚР ӘҚБтК-нің 449-бабымен (Қоғамдық орындарда тиісу) – 27 тұрғын жауапкершілікке тартылды. Бұдан басқа, 1 676 жол ережесін бұзу жайты және 343 өзге де құқық бұзушылық анықталды.