Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

“Сөйлесіп алайын”: шымкенттікті алдап, телефонын алып кеткен жігіт ұсталды

Шымкенттікті сөйлесіп алайын деп алдап, телефонын алып кеткен жігіт ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қаратау ауданы Полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданған. Оның айтуынша, автобус аялдамасында тұрғанында белгісіз біреу телефонын сөйлесіп алайын деп сұрап, алаяқтық жолмен иемденіп, бой тасалаған. Келтірілген шығын көлемі 130 мың теңгені құраған. Аталған жайтты тәртіп сақшылары ҚР ҚК-нің 190-бабымен (Алаяқтық) тіркеуге алды.

Қаратау АПБ-ның Криминалдық полиция бөлімі қызметкерлері жедел-іздестіру шараларына жұмылды. Жан-жақты тексеруді жүзеге асырып, көрген-білгендерден жауап алды. Бейнебақылау камералары жіті қаралды. Нәтижесінде, азаматтың жеке басы анықталып, басқармаға жеткізілді. Ол 22 жастағы қала тұрғыны болып шықты. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру