Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмолалық өзімен бірге тұратын ер адамға пышақ жарақатын салды

Ақмолалық өзімен бірге тұратын ер адамға пышақ жарақатын салды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

20 ақпанда сағат 02:56-да Біржан сал ауданының полиция бөліміне аудандық орталық аурухананың медбикесінен Степняк қаласының 40 жастағы тұрғынының «оң жақтағы жауырын аймағының енбеген шанша-кесілген жарасы» диагнозымен медициналық көмекке жүгінгені туралы телефон хабарламасы келіп түсті.

Қызғаныштан туындаған жанжал кезінде жәбірленушіге 38 жастағы бірге тұратын әйелі пышақ жарақатын салғаны анықталды.

ҚР ҚК-нің 107-бабы 1-бөлігі (Денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру