Түркістан облысында ауылдасының электрлік арасын ұрлаған тұрғын ұсталды
Түркістан облысында ауылдасының электрлік арасын ұрлаған тұрғын ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Шардара АПБ-ға жергілікті тұрғыннан арыз келіп түседі. Онда жәбірленуші азамат тұрғын үйінің жанындағы сарайында тұрған электрлік арасын белгісіз біреу ұрлап кеткенін көрсеткен.
Бұл іс бірден ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша тіркеуге алынды. Ұрлық болған жерге жедел-тергеу тобы істің қалай болғанын анықтау мақсатында шұғыл жетті. Полицейлер жан-жақты мұқият тексеріп, көршілерден сұрастырып, іздестіру жұмыстарын жүргізді. Тәртіп сақшыларының іздестіру, анықтау жұмыстарының нәтижесінде, күдікті тұрғылықты мекенжайынан ұсталды. Полицейлер одан айғақты зат ретінде құрылысқа қажетті электрлік арасын тәркілеп алды.
Белгілі болғандай, күдікті өз тірліктерімен келе жатып, жеңіл жолмен пайда табу мақсатында теріс әрекетке барған. Яғни, жәбірленушінің үйінде ешкім жоқтығын байқап, оған әбден көзін жеткізіп, арам ойын жүзеге асырған. Содан қолына ілінген құрылғыны жымқырып, сатып жібермек болған. Қазіргі таңда күдіктіге қатысты тергеу амалдары жүргізілуде.