«Көлік алып беремін»: шымкенттік тұрғын танысын 7 млн теңгеге алдап кетті
Шымкенттік тұрғын көлік алып беремін деп танысын 7 млн теңгеге алдап кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Еңбекші ауданы Полиция басқармасына 102 арнасы арқылы жергілікті тұрғын арызданған. Айтуынша, танысы Toyota Camry 50 көлігін алып беремін деп сендірген. Сондай-ақ, алдын ала жеті млн теңгесін алған. Алайда азамат осы уақытқа дейін уәде еткен көлігін алып бермей, не ақшасын қайтармай, жалтарып жүргендіктен жәбірленуші полицияға арызданған.
Аталған жайт бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігімен (Алаяқтық) қылмыстық іс-қозғалған. Криминалдық полиция бөлімі қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде, жергілікті тұрғын анықталып, тиісті басқармаға жеткізілді. Қазіргі таңда азаматтың басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.