Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жетісайлық тұрғын полиция қызметкеріне алғыс айтты

Жетісайлық тұрғын полиция қызметкеріне алғыс айтты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан облысында халықтың алғысына бөленіп жүрген полицейлер қатары көп. Тәртіп сақшыларының көмегін алып, мәселесі оңынан шешілген тұрғындар жазбаша түрде де, ауызша бейнежазба арқылы да өз алғыстарын білдіріп жатады. Осындай кезекті алғыс білдіру қолжазбасы Жетісай ауданының полицейіне қатысты келіп түсті. Бұл жазба иесі – Алматы облысының тұрғыны Жадыра Ибрагимова.

– Мен 17 ақпанда Жетісай АПБ-ға «Е-өтініш» базасы арқылы арыз түсірдім. Яғни, жетісайлық танысым екеуміз бизнес жоспар құрып, жаңа кәсіп бастамақшы болғанбыз. Ол үшін мен танысыма 40 мың теңге ақша салғанмын. Бірақ арадан бірнеше күндер өткенде ақша берген танысыммен байланыса алмадым. Содан алаяққа алдандым ба деген оймен полицейлерден көмек сұрадым. Менің осы өтінішіммен Жетісай АПБ қызметкері, полиция аға лейтенанты Асқар Әбдусапар айналысты. Соның нәтижесінде небәрі екі күн ішінде танысым ақшамды қайтарып берді. Бұл полицейдің еңбегі, алғысым шексіз. Алла разы болсын! Қызметте өсе берсін!, – деп жазған ол.

 

– Біз кез келген өтініш бойынша жедел әрекет етуіміз керек. Соған дағдыланғанбыз. Ең бастысы – бізге келген сауалдар жауапсыз қалмайды. Жадыра Ибрагимовтың арызы бойынша да бірден әрекет еттік. Ақшаны алған әйел жетісайлық тұрғын болғасын, оның жеке басын анықтап, полиция бөліміне жеткіздік. Оқиға бойынша жан-жақты сұрастыру жұмыстары жүргізілді. Өз кезегінде екі әйел араларындағы түсінбеушілікті шешу үшін, шағымданушының ақшасын қайтарғаны дұрыс екенін түсіндірдім. Тұрғын да өзінің қателігін сезініп, Жадыраға ақшаны қайтарды. Мәселе осылайша тез арада шешімін тапты, – деп атап өтті полицей А.Әбдусапар.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру