Шымкентте қоғамдық орындарда мас жүрген 68 адам жауапқа тартылды
Шымкентте қоғамдық орындарда мас жүрген 68 адам жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдікті ішуге тыйым салынады және бұл іс-әрекет ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабымен (Алкогольдік ішімдік ішу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде жүрген) 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. Егер бұл әрекеттер бір жыл ішінде қайталап жасалса, тәртіп бұзушыға 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады не бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамауға алынады.
Осылайша, 21-27 ақпан аралығында алкогольдік ішімдікті қоғамдық орында ішкен 68 адам анықталып, әкімішілік жауапкершілікке тартылды.
Айта кетейік, құқық бұзушылықтың басым бөлігі Шымкент қаласы Полиция департаментінің Жедел басқару орталығының бейнебақылау камераларының көмегімен анықталған.