Қарағандылық полицейлер тұрғыннан тапанша тәркіледі
Қарағандылық полицейлер тұрғыннан тапанша тәркіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.
24 ақпанда Қарағандыда полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізді. Полицейлер түнгі 01:00 шамасында 38 жастағы ер адам басқарған көлікті тоқтатқан. Сондай-ақ, салонда 34 жастағы жолаушы болған.
Полицейлер көлікті тексеру барысында тапаншаға ұқсайтын, гильзасы мен алты патроны бар зат тәркіледі. Сараптама оның атыс травматикалық патрондарына айналдырылған газ тапаншасы екенін анықтады.
ҚР Қылмыстық кодексінің 287-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде.