Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысының бас полицейі қызмет бабында қаза тапқан әріптестерінің ата-аналарына алғыс айтты

Павлодар облысының бас полицейі қызмет бабында қаза тапқан әріптестерінің ата-аналарына алғыс айтты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алғыс айту күні Қазақстанда 1 наурызда атап өтіледі. Осы күні Павлодар облысы Полиция департаментінің бастығы Василий Скляр да қызметтік борышын орындау кезінде қаза тапқан қызметкерлердің ата-аналарына барып, алғыс білдіру туралы шешім қабылдады.

Халықтардың бірлігі мен достығы мемлекеттіліктің де, тұтастай демократиялық қоғамның да негізінде жатыр.

– Бүгін мен полиция ведомствосының басшысы ретінде қызметтік борышын орындау кезінде қаза тапқан ішкі істер органдары қызметкерлерінің ата-аналарына барып, туған-туыстарына ұлдарын тәрбиелегендері үшін алғысымды білдірдім. Біздің жігіттер қайта оралмайды, бірақ олар әрқашан біздің жүрегімізде қалады. Біз әрқайсысын есімізде сақтаймыз, олар біздің әріптестеріміз, біз олармен бірге қызмет еткенбіз. Біз жас полиция қызметкерлеріне батырларымыз туралы айта отырып, әріптестерімізді есте сақтауға міндеттіміз, – деді Павлодар облысы Полиция департаментінің бастығы Василий Скляр.

Өз кезегінде ата-аналар тәртіп сақшыларын балаларын еске алғандары және полиция басшылығына үнемі назардан тыс қалдырмайтындары үшін алғыстарын білдірді.

– Полиция қызметкерлері мені ешқашан ұмытпайды. Мерекелерден басқа күндері де келеді. Олар қандай көмек қажет екенін сұрайды. Әр қыс сайын көмір, отын, азық-түлік әкеледі. Мен ештеңе сұрамаймын, менде бәрі бар, бірақ мен оларға ұлымды еске алғандары үшін ризамын. Біз әрқашан олармен сөйлесеміз, мен қызметтері, жаңалықтар туралы сұраймын. Жақсы балалар! Менің ойымша, егер олардың орнында менің ұлым Қанат болса, ол да солай істейтін еді. Барлық балаларға сәттілік тілеймін, әрқашан үйлеріне аман-сау болып қайтуын тілеймін, – деді 1996 жылы аса қауіпті қылмыскерді ұстау кезінде қаза тапқан милиция лейтенанты Қанат Сармантаевтың әкесі Болат Сармантаев.

– Мен күн сайын полицейлерге денсаулық пен амандық тілеймін. Менің ұлым милиция лейтенанты Асылбек Бижанов 1997 жылы қылмыскерлерді ауруханада күзету кезінде қаза тапты. Менің екінші ұлым Қабылбек бүгін де полицияда қызмет етеді. Мен полицейлердің анасы болудың не екенін білемін. Халық әрдайым полицияны айыптайды, әр түрлі нәрселер жазады, бірақ мен бұл балалар әрқашан біздің құқығымызды қорғап, біздің тыныштығымызды қорғайды деп сенемін, – дейді қайтыс болған қызметкердің анасы Унсыған Бижанова.

Василий Скляр бұл күні біздің ата-анамызға, достарымызға, күн сайын жанымыздан табылатын жақын туыстарымызға алғысымызды білдіру, алғыс айту – өте жақсы іс екенін атап өтті.

– Біз ұмытпауымыз керек және рақмет айта білуіміз керек, – деді В.Скляр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру