Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Степногорск тұрғынынан телефон тартып алған екі жігіт ұсталды

Степногорск тұрғынынан телефон тартып алған екі жігіт ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

25 ақпанда Степногорск қаласының Полиция басқармасына 19 жастағы жергілікті тұрғын сол күні шамамен сағат 01:00-де белгісіз тұлғалар Samsung А-01 ұялы телефонын ашық ұрлап кеткендігі туралы арызданды. Шығын сомасы 78 мың теңгені құрады.

Жәбірленуші ағасымен бірге серуендеуге шығып, бір-бірін жоғалтып алғанын айтты. Ол ағасын айқайлап іздегенде, түнгі уақытта тыныштықты бұзғанына ашуланған екі бейтаныс адам жастардан 20 мың теңге талап еткен. Зорлық-зомбылықпен қорқытқан қаскүнемдер өтініш берушінің ұялы телефонын тартып алған.

Жедел-іздестіру шаралары барысында Степногорск қаласының 28 жастағы тұрғыны мен елорданың 29 жастағы тұрғыны анықталды. Телефон алынып, иесіне қайтарылды.

ҚР ҚК 191-бабы 2-бөлігі (Тонау) және ҚР ҚК 194-бабы (Қорқытып алу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру