Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алғыс айту күні полицейлер балаларды қуантты

Алғыс айту күні ҚР ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаментінің жеке құрамы Нұр-Сұлтан қаласының арнайы балалар үйінің тәрбиеленушілеріне сыйлықтар жасады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Мейірбандық көмектің шеңберінде Департамент қызметкерлері балалар үйіне мерекеге орай сыйлықтар таратты.

Департамент басшысы Асқар Мұхаметқалиев Балалар үйінің қызметкерлерін көктемнің алғашқы мерекесімен құттықтап, тәрбиеленуші бүлдіршіндердің тезірек отбасыларын тауып, ең бақытты балалар болып өсуіне тілек білдірді. Сондай-ақ, Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті Балалар үйіне бұдан әрі де көмек көрсетіп тұратынын атап өтті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру