ШҚО-да пробация қызметкерлері мүмкіндігі шектеулі балаға барып қайтты
ШҚО-да пробация қызметкерлері Алғыс айту күніне орай мүмкіндігі шектеулі балаға барып қайтты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Бородулиха ауданының пробация қызметкерлері Жастар ресурстық орталығымен бірге мүмкіндігі шектеулі баланы құттықтап қайтты. Сондай-ақ, оның жалғыз өсіріп жатқан әкесіне алғыстарын білдірді.
– Анасы қайтыс болған. 5 мың адамның бірінде кездесетін өте сирек ауруға шалдыққан баланы әкесі қарап отыр. Үйінде білім алатын Женя (аты өзгертілген) қызметкерлердің тосын сыйына таң қалды. Әкесі екеуі қызметкерлерге өз алғыстарын айтты, – деді пробация қызметінің бастығы Казкен Бодаев.