Жетісайлық полицейлер үйіне есірткі жасырған тұрғынды анықтады
Жетісайлық полицейлер үйіне есірткі жасырған тұрғынды анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жетісай АПБ-ға жергілікті тұрғын үйінде заңсыз есірткі заттарын сақтайтыны туралы ақпарат келіп түскен.
Аталған жайт Қазақстан Республикасы ҚК-нің 296-бабы (Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу) қылмыстық құқық бұзушылық бойынша тіркелді.
Жетісай АПБ-нің қызметкерлері хабар алысымен аталған мекенжайға шұғыл жетіп, тұрғын үйге тінту жұмыстарын жүргізу барысында күдіктінің ауласында орналасқан сарай ішінен және де үйінің жатын бөлмесінен алты ақ қағазға оралған есірткі затына ұқсас затты айғақ ретінде тәркілеп, тиісті сараптамаға жіберді. Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген есірткінің жалпы салмағы 60 грамнан асатын кептірілген марихуана болып шықты.
Қазіргі таңда аталған жайтқа байланысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Полиция қызметкерлері күдікті ер адамның басқа қылмыстық жайттарға қатысы бар-жоқтығын анықтауда.