Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жезқазғанда бірнеше көлік ұрлаған адам қолға түсті

Жезқазғанда бірнеше көлік ұрлаған адам қолға түсті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

26 ақпанда Қарағанды ​​облысы Жезқазған қаласының ПБ-на 55 жастағы қала тұрғыны хабарласып, белгісіз біреу супермаркет маңында тұрған көлігін ұрлап кеткенін айтып арызданды. Шығын көлемі 18 млн теңгені құрады.

Жезқазған қалалық ПБ патрульдік полиция қызметкерлері жедел-іздестіру барысында көшелердің бірінде іздеуде жүрген 58 жастағы ер адам басқарған көлікті ұстады. Ұсталған адам кінәсін мойындады. Анықтай келе, күдіктінің бір сағат бұрын вокзал маңында тұрған құны 1 млн теңге тұратын көлікті ұрлап кеткені белгілі болды. Ұрланған көліктер жәбірленушілерге қайтарылды.

Полицейлер сотқа дейінгі тергеу барысында күдіктінің осыған ұқсас тағы екі қылмысқа қатыстылығын анықтады. Барлық фактілер бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 200-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру