"Бала және отбасы" ЖПІШ: Қызылордада 102 құқық бұзушылық анықталды
Қызылордада "Бала және отбасы" іс-шарасы барысында 102 құқық бұзушылық анықталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Қызылорда аумағында өткен "Бала және отбасы" жедел-профилактикалық ic-шарасы барысында кәмелетке толмағандар тәрбиесіне қатысты 102 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды.
Атап айтқанда, түнгі сағат 23:00-ден кейін заңды өкілінсіз тұрғын үйден тыс жерлерде болған 86 және ойын-сауық мекемесінде болған алты жасөсіпірім анықталған. Олардың ата-аналарына қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабымен (Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде немесе тұрғынжайдан тыс жерде болуы) әкімшілік хаттама толтырылды.
Ал кәмелетке толмағандардың ойын-сауық мекемесінде болуына жол берген 6 ойын-сауық мекемесінің иесіне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 132-бабымен (Кәмелетке толмағандардың түнгi уақытта ойын-сауық мекемелерiнде болуына жол беру) бойынша жауапқа тартылды.
Балаларын тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін орындамайтын 3 ата-анаға ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабымен (Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу және (немесе) оған білім беру, оның құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі міндеттерді орындамау) әкімшілік хаттама толтырылды.