«Дәрмек» ЖПІШ: ШҚО-да 700 грамнан астам есірткі мен 60 тонна прекурсорлар тәркіленді
ШҚО-да «Дәрмек» жедел алдын алу іс-шарасы барысында 700 грамнан астам есірткі мен 60 тонна прекурсорлар тәркіленді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
21-25 ақпан аралығында жедел-профилактикалық іс-шаралар өткізу кестесіне сәйкес Шығыс Қазақстан облысының аумағында «Дәрмек» ЖПІШ-нің 1-ші кезеңі өткізілді.
Профилактикалық операция жүргізу барысында емдеу-профилактикалық және медициналық мекемелерді, дәріханаларды есірткі құралдары мен психотроптық заттарды сатып алу, сақтау, жою, есепке алу және пайдалану ережелерін бұзушылықтарды анықтау және жолын кесуге тексеруге назар аударылды.
Жедел алдын алу іс-шараларының қорытындысы бойынша есірткі заттарының заңсыз айналымына байланысты 5 қылмыс құжатталған.
Сондай-ақ, есірткі құралдары мен психотроптық заттардың заңды айналымы желісі бойынша 10 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды, оның ішінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Құрамында есірткі және психотроптық заттар бар препараттармен жұмыс істеу қағидаларын бұзғаны үшін 5 медицина қызметкері (ҚР ҚК-нің 303-бабы 1-бөлігі және ҚР ӘҚБтК-нің 427-бабы 1-бөлігі, ҚР ӘҚБтК-нің 464-бабы 1-бөлігі бойынша). Дәріханалардан құрамында есірткі құралдары мен психотроптық заттар бар препараттарды рецептісіз сату фактісі үшін 3 фармацевт (ҚР ӘҚБтК-нің 426-бабы).
Бұдан басқа, Өскемен және Семей қалаларының аумағында прекурсорларды (күкірт және тұз қышқылдары) көтерме және бөлшек саудада сатуға маманданған екі ірі кәсіпорында тексеру кезінде үй-жайларды сақтау және техникалық нығайту бөлігінде бұзушылықтар анықталды (ҚР ӘҚБтК-нің 427-бабы).
Заңсыз айналымнан жедел алдын алу іс-шарасы кезінде 737,16 грамм есірткі құралдары мен психотроптық заттар, сондай-ақ 63 тонна 913 келі прекурсорлар (18 тонна 75 келі күкірт қышқылы, 45 тонна 838 кг-тұз қышқылы) алынды.