ШҚО бойынша ҚАЖ департаментінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы жиын өтті
ШҚО бойынша ҚАЖ департаментінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы жиын өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Шығыс Қазақстан облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бас маманы Гүлнұр Бекбаеваның қатысуымен ШҚО бойынша ҚАЖД ОВ-156/22 мекемесі қызметкерлеріне сыбайлас жемқорлықтан аулақ болу мақсатында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Кездесудің негізгі мақсаты – парасаттылық құндылықтарын ел ішінде кең көлемде насихаттау арқылы ел азаматтарының бойына адалдық қасиеттерін және атадан қалған асыл құндылықтарды дәріптеу арқылы әлеуметтік кесел парақорлықтың алдын алу. Парақорлық – бүгінгі күннің басты талабы екені де аталып өтті.
Сондай-ақ, кездесуде сыбайлас жемқорлықпен күресте бірқатар халықаралық тәжірибемен бөлісіп, нақты мысалдармен баяндама жасап, халық арасында, құқық қорғау және мемлекеттік органдарда, сондай-ақ жас буын арасында парасаттылық мәдениетін қалыптастыру бойынша кең ақпарат тарату екендігін жеке құрамға жеткізді.
Жемқорлыққа қарсы ұйымдастырылып жатқан барлық республикалық акциялардың маңыздылығын тілге дәйек етіп, қызметкерлер тарапынан қойылған сұрақтарға тиісті жауаптар берілді. Жиын соңында «Antikor» орталығы тарапынан қоғамда адалдық, әділдік, парасаттылық құндылықтарын қалыптастырудың маңыздылығы туралы бейнеролик көрсетілді.