Ақмолалық полицейлер кәріз қақпағын ұрлаған ер адамды ұстады
Ақмолалық полицейлер кәріз қақпағын ұрлаған ер адамды ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
1 наурызда полиция бөліміне Жалтыр ауылының 53 жастағы тұрғынының сол күні Ленин көшесіндегі белгісіз тұлға кәріз құдығының қақпағын ұрлап кеткені туралы өтініші келіп түсті.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдіктінің жеке басы анықталды. Бұрын сотталмаған 37 жастағы жергілікті тұрғын құдықтың қақпағын шешіп, оны металл қабылдау орнына тапсырған. Одан алынған ақша қаражатын жеке мұқтаждарына жұмсаған.
Қазақстан Республикасы ҚК 187-бабының 1-бөлігі (Ұсақ-түйек жымқыру) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Баптың санкциясы 80 АЕК-ке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға немесе 20 тәулікке дейінгі мерзімге қамауға алуды көздейді.