Екібастұзда ІІО ардагерлері жас қызметкерлерге алғашқы погондарын табыстады
Екібастұзда ІІО ардагерлері жас қызметкерлерге алғашқы погондарын табыстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Екібастұз қаласы ПБ мұражайында жас полиция қызметкерлерінің ұзақ жылдар бойы басқарма бөлімшелерінде қызмет атқарған ІІО ардагерлерімен кездесуі ұйымдастырылды.
Кездесуге қызметін қатардағы қызметкерден Екібастұз ҚІІБ бастығына дейін атқарған отставкадағы полиция полковнигі Болатбай Әбенов және Екібастұз қаласында жедел уәкіл лауазымына қабылданған алғашқы әйелдердің бірі – ардагерлер кеңесінің төрағасы, отставкадағы полиция подполковнигі Бибігүл Исаева шақырылды.
Екібастұз қаласы ПБ бастығы Қайыржан Жұмкешұлы «полиция подполковнигі» погондарын Екібастұз қаласы ПБ штабының бастығы Майнура Ваисоваға табыс етті.
Басқарманың жас қызметкерлері ІІО ардагерлері отставкадағы полиция полковнигі Самат Ергебаев, Әлиасқар Баженеев, Александр Жеребцовтың қолынан бірінші «полиция лейтенанты» погондарын алды.
Бекболат Шакилов мұражай қоржынына «Советская милиция: История и Советская милиция 1917/1987» кітабын сыйға тартты.
Ардагерлер өз тәжірибелерімен бөлісті, жас полицейлерге қандай жағдайда қызмет ету керектігін айтты.
Кездесу соңында ардагерлер кеңесінің төрайымы Бибігүл Исаева қатысушыларға басқармада 2008 жылы «Жауынгерлік даңқ» мұражайының құрылуы, мұражайда сақтаулы материалдар, құжаттар мен экспонаттар туралы айтып берді.