Маңғыстау облысы ПД-да әйел қызметкерлері арасында спорттық жарыс өткізілді
Маңғыстау облысы ПД-да әйел қызметкерлері арасында спорттық жарыс өткізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесі қарсаңында Маңғыстау облысы Полиция департаментінде әйел қызметкерлері арасында спорттық жарыс өткізілді. Маңғыстау облысы ПД аппараты мен қала, аудан полиция бөліністерінің нәзік жанды қызметкерлері табельдік қарудан ату және спорттық өзге де сайыстардан “Динамо” дене шынықтыру спорт кешенінде бақ сынасты. Атап айтсақ, үстел теннисі, жеңіл атлетика және баскетбол сақинасына доп лақтыру.
Іс-шара ҚР әнұранымен салтанатты түрде ашылып, Маңғыстау облысы ПД бастығының орынбасары Болатбек Ақшауов әйелдер қауымын мерекемен құттықтаған алғысөзімен басталды.
Спорттық жарыстың қорытындысымен жауынгерлік қарудан ату чемпионатында Наталья Евстигнеева, үстел теннисі сайысынан Айнұр Сейлханова, жеңіл атлетикадан Ақырыс Сайлау және баскетбол сақинасына доп лақтыру сайысынан Зульфия Хожабаева бірінші орынды иеленді.
Сонымен қатар, арулар екінші және үшінші жүлделі орындармен марапатталып, символдық сыйлықтар табысталды.