Алматы облысының әйелдер колониясында «Гүлдер балы» өтті
Алматы облысы бойынша ҚАЖД қарасты ЛА-155/4 әйелдер колониясында сотталған әйелдер арасында «Гүлдер балы» өткізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнін мерекелеу қарсаңында ЛА-155/4 мекемесінің әкімшілігі сотталған әйелдер арасында «Гүлдер балы» мерекелік іс-шарасын ұйымдастырды.
Мекеме бастығы Вилорий Ким барлық әйелдерді құттықтауымен салтанатты іс-шараны ашты.
Байқау бағдарламасы екі кезеңде өтті. Бірінші кезеңде әрбір жасақ сотталған әйелдердің бар құралдарынан жасалған қолдан жасалған көйлекті таныстырды. Екінші кезеңде командалар вальс, ча-ча-ча, румба, сальса, бачата, танго және рок-н-ролл сияқты спорттық-бал билерін көрсетті.
Концерт соңында сотталғандардың орындауында әйелдер мен аналарға арналған әндер шырқалды.
– Мерекелік концерт барлығына ерекше көктемгі көңіл-күй сыйлады. Іс-шара соңында біз байқау жеңімпаздарын анықтап, барлық қатысушыларды марапаттадық, – деп атап өтті мекеме басшысы Вилорий Ким.