Петропавлдың түзеу мекемесінде сотталған әйелдерге концерт қойылды
Петропавлдың түзеу мекемесінде сотталған әйелдерге концерт қойылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Петропавлдың түзеу мекемесінде сотталған әйелдерге арналып мерекелік концерт қойылды. Содан соң балалары мен немерелері түсірген бейнероликті тамашалау кезінде әйелдер көздеріне жас алды. Мұндай ерекше кештер үйін аңсаған нәзік жандылардың жүрегі мен жанын ерекше тебіренткені сөзсіз.
– Мұндай іс-шаралар сотталғандардың ана екендерін еске салады. Олар бостандықта күтіп жүрген балаларына асығады. Осы сияқты іс-шаралар сотталғандардың мерзімінен бұрын босап шығуын ынталандырады. Сотталған әйелдер кеште Шыңғыс Айтматовтың «Ғасырдан да ұзақ күн« шығармасын негізге алды. «Найман-Ана» бейнесінде ашылған қойылымның ерекше идеясы – ананың шексіз махаббатын білдіреді, – деді мекеме қызметкері.
Кеште мерекелік әндер мен билерде кейін әйелдердің назарына балалары мен немерелері жасаған бейнеролик ұсынылды.
Әйелдер көздеріне жас алды. Людмила Николаева ҚР ҚК 297- бабы бойынша 10 жылға сотталған. ЕС-164/6 мекемесінде үш жылын өтеген, жеті жылы қалды. Түрмеге түскенде кішкентай қызы бір жаста болған. Үлкен баласын видеода көрген анасының жүрегі сағыныштан қан жылап тұрған кезде, баласының залға кіріп келуі сотталғанды қатты таң қалдырды.
– Мен анамды жарты жыл көрген жоқпын. Қатты сағындым. Түрмеге түскенде қарындасым бір жаста еді, қазір төрт жаста. Өзімнің бір балам бар, екеуі де балам сияқты. Қарындасымды қатты аялаймын, өйткені оған ананың қамқорлығы жетпейтінін түсінемін, – дейді сотталғанның ұлы Георгий
– Ішімде не болып жатқанын айтып түсіндіру қиын. Бақыттымын. Бұлай болады деп күтпеп едім. Бостандықта екі балам күтіп отыр. Қателік жасап, осы жерге түстім. Жүрегім ауырады. Ойымды айтып жеткізу қиын. Мекеме басшылығына тек алғыс айтқым келеді. Баламды құшақтап, иіскеп, мауқымды бір басып алатын болдым, – деді сотталған Людмила Николаева.
Бүгінгі таңда Петропавл қаласының әйелдер колониясында 250 жуық нәзік жанды жазасын өтеуде.