Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО-да сотталған ер адамдар мерекелік концерт ұйымдастырды

СҚО-да сотталған ер адамдар мерекелік концерт ұйымдастырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

8 наурыз Халықаралық әйелдер күні – жылдың ең нәзік әдемі күні. Осы мереке қарсаңында ЕС-164/1 мекемесінде мерекелік іс-шара өткізілді.

Мекеме бастығы Рустам Сағденов әйелдерді келе жатқан мерекемен құттықтап, грамоталар мен алғыс хаттар тапсырды. Шаруашылық қызмет көрсету бойынша жұмыстарды орындау үшін қалдырылған сотталғандар дайындаған концерт мекеменің барлық әйелдер қауымына ерекше ұнады.

Бұл әдемі күні ер адамдар әр қызға келе жатқан мерекенің, сұлулық пен көктемнің символы ретінде қызғалдақ сыйлады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру