Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түзеу мекемесінің психологы – Зухра Тоқтамысова

8 наурыз – Халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында Polisia.kz редакциясы қос иығына погон тағып, ерлермен қатар елі мен жерінің тыныштығы үшін аянбай еңбек етіп жүрген арулар жайлы ақпарат ұсынбақ.

Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы Жаңа-Қанай ауылында 1987 жылдың 22 наурызында дүниеге келген ару қыз Зухра Тоқтамысова 2016 жылдан бастап сотталғандар арасындағы тәрбие және әлеуметтік-психологиялық жұмыс бөлімінің аға инспекторы қызметінде.

Зухра отбасының тұңғышы. ҚАЖ саласына келуіне құрбылары түрткі болған. Өзі ұзақ уақыт бұл салада қызмет атқаруды ойламаған. Алайда 2013 жылы ОВ-156/3 мекемесіне ерікті жалдамалы психолог лауазымында жұмысын бастаған.

– Арнайы контингентпен жұмыс жасау – алғашқы қиындықтардың бірі болды. Яғни, олардың әр біреуінің жеке ерекшеліктерін ескере отырып, олармен жұмыс істеудің тәртібін құру еді. Бірақ қасымдағы тәлімгерлердің көмегімен бұл қиыншылықтан да өттім, – дейді Зухра.

Зухраның жетістіктерінің бірі – 2019 жылдан бері С.Аманжолов атындағы ШҚУ-мен келісім шарт орнатып, «педагогикалық коррекция және психология» кафедрасының мемлекеттік емтихан қабылдау комиссиясының құрамына қабылданғаны. Қазіргі бұл құрамда 20-дан астам маман.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру