Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жетісай полицейлері жоғалған сиырды иесіне қайтарды

Жетісай полицейлері жоғалған сиырды иесіне қайтарды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жетісай аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданған. Арызданушының айтуынша, ол Жетісай қаласында орналасқан мал базарынан сиыр сатып алып, үйінің ауласына әкеліп байлап қойған. Бірақ арада біршама уақыт өткен соң сатып алған ірі қарасы байлаулы тұрған орнында жоқ болып шыққан. Жәбірленуші әлі сырғаланып үлгермеген, құны 255 мың теңге тұратын сиырын дереу өз бетімен іздеуге кіріседі. Алайда одан еш нәтиже шықпаған соң, полицейлердің көмегіне жүгінген. Аталған жайт бірден тіркелді.

Хабар түсісімен полиция қызметкерлерінен жедел топ жасақталып, тұрғынның жоғалған ірі қара малын іздестіру жұмыстары ұйымдастырылды. Тәртіп сақшылары мал шаруашылығымен айналысатын мекемелерді аралап, қора жайларға түгел тексеру жүргізді. Тыңғылықты жұмыстардың нәтижесінде сиыр көрші елдімекеннен табылды.

Белгілі болғандай, мал шаруашылығымен айналысатын жетісайлық тұрғын өзінің ірі қара малдарына қосылып, қора жайына сырғаланбаған ешқандай ен-таңбасы жоқ қара түсті сиырдың келіп жүргені туралы хабарлаған. Хабар алысымен аталған мекенжайға полиция қызметкерлері арызданушы азаматтың өзін бірге алып барады. Анықтау барысында қора жайда жүрген бөтен мал жәбірленушінің сиыры болып шықты.Жақында ғана сатып алған сиырының табылғанына қуанған жергілікті тұрғын, полиция қызметкерлеріне алғыс айтты. Әсіресе іздеу жұмыстарына белсене араласып, тез арада көмек көрсеткен Криминалдық полиция басқармасының жедел уәкілі Ғани Каленовке ерекше алғыс айтып, ризашылығын білдірді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру