Павлодарда кәмелетке толмаған бала көлік жүргізген
Павлодарда кәмелетке толмаған бала көлік жүргізген, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жол ережелеріне сәйкес, көлік құралын 18 жасқа толғанда және жүргізуші куәлігі болған кезде басқаруға рұқсат етіледі.
– Павлодар қаласының Толстой көшесін патрульдеу кезінде павлодарлық полицейлер Peugeot 307 автокөлігін басқарған 17 жастағы жүргізушіні ұстады. Аталған факті бойынша кәмелетке толмаған балаға қатысты ҚР ӘҚБтК 612-бабының 2-бөлімі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды, – деп хабарлады Павлодар қаласы ПБ патрульдік полиция батальонының командирі Ренат Шәріпов.
Жыл басынан бері 560-тан астам азамат жүргізуші куәлігінсіз көлік жүргізген, өйткені олар жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін жүргізуші куәлігінен айырылған немесе мүлдем оқымаған және жүргізуші куәлігін алмаған.