Құжатсыз көлік басқарған шымкенттік тұрғынға хаттама толтырылды
Құжатсыз көлік басқарған шымкенттік тұрғынға хаттама толтырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Шымкент қаласы Полиция департаменті ЖПҚБ патрульдік полиция полкінің қызметкерлері күнделікті қызмет атқару барысында Toyota көлігінің жүргізушісі құжатсыз көлiк басқарғанын анықтады.
Нақтырақ айтсақ, Әл-Фараби алаңында Toyota көлігінің жүргізушісі жол жүру ережесін бұзғаны үшін тоқтатылған. Жүргізушіге бұл әрекеттің заңсыз екендігі түсіндірілді. Тексеру барысында жүргізушінің көлік басқаруға құжаты болмаған.
Нәтижесінде, жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 612-бабы 2-бөлігімен (Құжаттары жоқ және басқару құқығы жоқ адамның көлiк құралын басқаруы) әкімшілік хаттама толтырылды. Ал көлік айыптұраққа қойылды.
Айта өтетін ақпарат, 8 наурызда ЖПҚБ патрульдік полиция полкінің қызметкерлерімен көлік құралын құжатсыз басқарған төрт жүргізуші жауапқа тартылды.