Қызылордада аудан тұрғыны үйінде заңсыз қару сақтаған
Қызылордада аудан тұрғыны үйінде заңсыз қару сақтаған, – деп хабарлайды Polisia.kz.
«Қару» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында 4 наурыз күні сағат 18:40 шамасында Қызылорда облысы Полиция департаментінің Сырдария аудандық полиция бөлімінің учаскелік инспекторымен қызмет атқару барысында ауыл тұрғынының үйінде ІІО тіркеуде жоқ, 16-калибрлі, бір ұңғылы аңшы мылтығын заңсыз сақтағаны анықталды.
Анықталған дерек бойынша тұрғынға Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 482-бабының 1-бөлігімен (Iшкi iстер органдарында тiркелмеген тегiс ұңғылы, газды қару мен олардың патрондарын, сол сияқты электрлі қаруды, үрлемелi қуаты 7,5 Джоульдан жоғары, калибрi 4,5 миллиметрден асатын пневматикалық қаруды заңсыз иеленіп алу, беру, өткiзу, сақтау, алып жүру, тасымалдау) әкімшілік хаттама рәсімделіп, сотқа жолданады.