Шымкенттік тұрғын баласын тауып берген полицейлерге алғыс айтты
Шымкенттік тұрғын баласын тауып берген полицейлерге алғыс айтты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Еңбекші ауданының Полиция басқармасына «102» арнасы арқылы жергілікті тұрғын өзінің 4 жасар баласын жоғалтып алғаны туралы хабарлаған. Анасының айтуынша, ұлын ойнауға шығарып, көз жазып қалған. Аталған жайт бойынша хабарламаны алған бойда тәртіп сақшлары жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізді.
Іздестіру жұмыстарының нәтижесінде, полицейлер жоғалған баланы бір сағат ішінде басқа көшеден аман-есен тауып берді.
Өз кезегінде баланың анасы тәртіп сақшыларына шынайы ризашылығын жеткізіп, алғысын айтты.