Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Елордада есепте тұрған 2,3 мыңнан астам сотталған мекенжайы бойынша тексерілді

Елордада есепте тұрған 2,3 мыңнан астам сотталған мекенжайы бойынша тексерілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің пробация қызметі есепте тұрған бас бостандығынан айырумен байланысты емес жазаға сотталған адамдар тарапынан жасалатын қайта қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу және іздеуге жарияланған сотталғандардың тұрғылықты орындарын анықтау мақсатында Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментінің жергілікті полиция қызметімен бірлесіп ақпан айында «Тіркеу» жедел-профилактикалық іс-шара өткізуде.

Осы іс-шара барысында пробация есебіндегі сотталғандарға тұрғылықты жері, жұмыс істейтін жағдайы, жұмыс орны әкімшілік деректер базасы және ішкі істер органдардың басқа да есептері бойынша тексеру жұмыстары жүргізіледі. Іс-шара кезінде есепте тұрған 2 367 сотталған тұрғылықты жері бойынша тексерілді.

Іс-шара барысында бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны өтеу тәртібі мен шарттарын бұзу анықталды, яғни сот үкімі бойынша белгіленген сағат 22:00-ден кейін тұрақты мекенжайында болмағаны үшін, сондай-ақ тұрғылықты мекенжайынан пробация қызметіне хабарламай, көшкені үшін 117 ескерту жарияланды. 29 сотталғанның тіркеуі болмағаны анықталып, Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 492-бабының 1-тармағы (Қазақстан Республикасында тiркеусiз не жеке басты куәландыратын құжаттарсыз тұру) бойынша хаттама толтырылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру