Қызылорда облысында көлік басқару құқығынан айырылған мас жүргізуші рөлге қайта отырған
Қызылорда облысында көлік басқару құқығынан айырылған мас жүргізуші рөлге қайта отырған, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қызылорда облысы Жаңақорған ауданының тұрғыны 2019 жылы үш жылға жүргізуші куәлігінен айырылса да, мас күйінде көлік тізгініне қайта отырған.
6 наурыз күні Қызылорда облысы Полиция департаментінің Жаңақорған аудандық полиция бөлімінің қызметкерімен Келінтөбе ауылының көшелерінің бірінде жеңіл автокөлік тоқтатылған. 39 жастағы жүргізушінің көлікті мас күйінде басқарғаны белгілі болды. Сондай-ақ, құжаттарын тексеру барысында жүргізушінің бұрын сот шешімімен көлік құралын басқару құқығынан айырылғаны анықталған.
Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 346-бабының 1-бөлігімен (Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы) сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде. Қазіргі таңда құқық бұзушы Жаңақорған АПб-нің уақытша ұстау изоляторына қамалды.