Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Сарыағаш полицейлері есірткі сатқан тұрғынды анықтады

Сарыағаш полицейлері есірткі сатқан тұрғынды анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Сарыағаш аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғыннан хабарлама келіп түсті. Онда ауыл тұрғынының есірткі затын сатып, тасымалдап жүргені айтылған. Полицейлер ақпарат алысымен тез арада іске кірісті. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 296-бабы (Есірткі құралдарымен, психотроптық заттармен, олардың аналогтарымен сату мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу) бойынша тіркелді.

Хабарламада көрсетілген жайтты анықтау мақсатында оқиға орнына Сарыағаш АПБ-нің қызметкерлері шығып, шұғыл тексеру жұмыстарын жүргізді. Осы жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде, күдікке ілінген азамат анықталды. Күдікті ер адам үйінің алдындағы көшеден ұсталды. Оның жеке басына тінту жүргізу кезінде күртешесінің оң жақ қалтасынан ақ түсті қағазға оралған есірткіге зат табылды. Сараптама қорытындысына сәйкес, есірткінің «кептірілген марихуана» екені белгілі болды.

Қазіргі таңда күдікті деп танылған ер азаматқа қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру