ШҚО полицейлері заңсыз айналымнан 59 қару тәркіледі
ШҚО полицейлері заңсыз айналымнан 59 қару тәркіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Іздестіру шараларын жүргізу барысында ШҚО Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі басқармасының қызметкерлері заңсыз айналымнан 59 бірлік қару мен 242 ойық қаруға арналған патрон тәркіледі.
Тәркіленгендердің ішінде – ойық қарудың 9 түрі, оның ішінде шолақ қару, 1 – қолдан жасалған, 46 – тегіс ұңғылы (5 шолақ қару), газ пистолеті, травматикалық пистолет және электрошокер.
– Барлық тәркіленген қару фактілері бойынша Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 482-бабы бойынша (Жеке және заңды тұлғалардың қаруды заңсыз иеленіп алуы, беруі, өткізуі, сақтауы, алып жүруi, тасымалдауы) 52 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды, Қазақстан Республикасы ҚК-нің 287-бабы бойынша (Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) 22 қылмыстық іс қозғалды. Іс-шара барысында барлығы 10 569 азаматтық қару иелері тұрғылықты жері бойынша тексерілді. Тексеру нәтижесі бойынша 168 бұзушылық анықталап, олар бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Оның ішінде сақтау ережелерін бұзғаны үшін ӘҚБтК-нің 484-бабы бойынша – 115 факт және қайта тіркеу ережелерін бұзғаны үшін ӘҚБтК-нің 486-бабы бойынша – 53 жағдай тіркелді, – деді ПД бастығының бірінші орынбасары Е. Закимов.