Сәтбаев полицейлері ұрланған көлікті тұрғынға қайтарып берді
Сәтбаев полицейлері ұрланған көлікті тұрғынға қайтарып берді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
26 ақпанда Қарағанды облысы Сәтбаев қаласының полиция бөліміне 29 жастағы қала тұрғыны арызданған. Ол үйдің ауласынан белгісіз біреудің көлік ұрлап кеткенін айтты. Келтірілген шығын көлемі 500 мың теңгені құрады. ҚР Қылмыстық кодексінің 200-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.
7 наурызда жедел-іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері күдікті – 18 жастағы жас жігітті анықтап, ұстады. Күдікті қылмысын мойындады. Көлік тәркіленіп, жәбірленушіге қайтарылды.
Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде.