ШҚО полицейлері өскемендіктен синтетикалық есірткі тәркіледі
ШҚО полицейлері өскемендіктен синтетикалық есірткі тәркіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.
«Құқықтық тәртіп» ЖПІШ өткізу барысында Шығыс Қазақстан облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының қызметкерлері қаланың бақша қоғамы көшелерінің бірінде 25 жастағы жергілікті тұрғынды ұстап, оның қалтасын жеке тінту кезінде ішінде сарғыш түсті түйіршіктер ұнтағы бар изолентамен оралған бір полимерлі түйіншек табылып, тәркіленді.
Маманның қорытындысына сәйкес, алынған заттың құрамында жалпы салмағы 1,2168 грамм «а-пирролидиналерофенон» психотроптық заты табылған.
– Қазіргі уақытта аталған факті бойынша Өскемен қаласының 25 жастағы тұрғынына қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 296-бабының 4-бөлігінде көзделген (Есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, олардың аналогтарын аса ірі мөлшерде заңсыз дайындау, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау, өткізу мақсатынсыз тасымалдау) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, оның санкциясы 3 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді, – деді ШҚО ПД Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының бастығы Нариман Кульдиков.