Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында алкогольді заңсыз сатқан ауыл тұрғындары жазаланды

Павлодар облысында алкогольді заңсыз сатқан ауыл тұрғындары жазаланды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Екібастұз қаласының полициясы әкімшілік аумақты тексеру кезінде алкоголь өнімдерін сату талаптарын бұзған бес сауда нүктесін анықтады.

– Сағат 22.00 шамасында полиция мас күйде болған 58 жастағы ер адамды тоқтатты, оның қолында бір бөтелке арақ болған. Оның айтуынша, ол алкоголь өнімін Мәшһүр Жүсіп көшесіндегі азық-түлік дүкенінен сатып алған. Кейін дүкеннің 29 жастағы сатушысы деңгейі қырық пайыздан асатын алкоголь өнімін сатқаны анықталды. Сағат 21.00-ден кейін алкоголь өнімдерін сатудың тағы үш фактісі қаланың басқа дүкендерінде анықталды, – деді Павлодар облысы Екібастұз қаласы Полиция басқармасы бастығының бірінші орынбасары Төлеген Құдайбергенов.

Тәртіп сақшысы жеке кәсіпкерлерге ҚР ӘҚБтК-нің 200-бабы 3-бөлігі (Қазақстан Республикасы заңнамасының алкоголь өнімін өткізу жөніндегі талаптарын бұзу) бойынша әкімшілік іс қозғалғанын атап өтті. Барлық материалдар шешім қабылдау үшін мамандандырылған әкімшілік сотқа жіберілді.

Сол күні сағат 21.00-ден кейін алкоголь өнімдерін рұқсат құжаттарынсыз сатқан кафе тексерілді. Кәсіпкерлік қызметті тиісті тіркеусіз жүзеге асырғаны үшін ҚР ӘҚБК 463-бабы (Тиiстi тiркеусiз, рұқсатсыз немесе хабарлама жібермей кәсіпкерлік немесе өзге де қызметпен айналысу, сондай-ақ әрекеттердi (операцияларды)жүзеге асыру) бойынша әкімшілік материал толтырылды.

Алкоголь өнімдері тәркіленіп, басқарманың сақтау камерасына орналастырылды. Төлеген Құдайбергенов спирттік ішімдіктерді сату көптеген дүкендерде жүргізіліп жатқанын және оған дәлел ретінде анықталған фактілерді атап өтті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру