СҚО-да ҚАЖ қызметкерлері қан тапсыру акциясына қатысты
СҚО-да ҚАЖ қызметкерлері қан тапсыру акциясына қатысты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Наурыз мейрамын тойлауын қарсаңында СҚО бойынша ҚАЖД Аққайың ауданы пробация қызметкерлері қан тапсыру акциясына қатысты.
Қан тапсыру орталығының қызметкерлері СҚО бойынша ҚАЖД қызметкерлерін еріктілер қатарында болғанын мақтан тұтады. Өйткені тәртіп бақылушылары тұрақты түрде медициналық бақылаудан өтіп тұрады, сондай-ақ жақсы дене шынықтыру дайындықтарын иемденген.
СҚО бойынша ҚАЖД Аққайың ауданы ПҚ бөлімшесінің қызметкерлері жыл сайын тегін қан тапсыру әлеуметтік акцияларына әрдайым қатысуға дайын екенін білдірді.