Қарағандыда ер адам фармацевтті пышақпен қорқытып, кассадан ақша ұрлаған
Қарағандыда ер адам фармацевтті пышақпен қорқытып, дәріхананың кассасынан ақша ұрлап кеткен, – деп хабарлайды Polisia.kz.
10 ақпанда Қарағанды қаласының ПБ Октябрь полиция бөліміне дәріханалардың біріне қарақшылық шабуыл жасалғаны туралы хабарлама келіп түскен. Оқиға орнына бірнеше минуттан кейін жедел-тергеу тобы келді.
Бетіне медициналық маска киген белгісіз біреу 55 жастағы фармацевтке шабуыл жасаған.
Шабуылшы пышақпен қорқытып әйелден кассадағы барлық қолма-қол ақшаны – 4,5 мың теңгені алып кеткен. Аталған факті бойынша полицейлер ҚР Қылмыстық кодексінің 192-бабы бойынша қылмыстық іс қозғады.
10 наурызда жедел-іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері 32 жастағы күдіктіні анықтап, ұстады. Күдікті қылмысын мойындады. Заттай айғақ алынды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде.