Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Саран тұрғынының пәтерінен зергерлік бұйымдарды ұрлаған күдікті ұсталды

Саран тұрғынының пәтерінен зергерлік бұйымдарды ұрлаған күдікті ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

3 наурызда Қарағанды ​​облысы Саран қаласының полиция бөліміне 23 жастағы жігіттен арыз түсті. Ол кешке әйелімен қонақта болғанын айтты. Белгісіз біреу арызданушының үйде жоқтығын пайдаланып, пластикалық терезені ашып, пәтерге кіріп алтын бұйымдарды ұрлап кеткен.

Келтірілген шығын көлемі 900 мың теңгені құрады.

10 наурызда жедел-іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері күдікті – 32 жастағы ер адамды анықтап, ұстады. Күдікті қылмысын мойындады. Заттай айғақ алынды. Тергеу жүріп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру