СҚО-да полицейлер 10 күннің ішінде бұрын жасалған 8 мал ұрлығын ашты
СҚО-да полицейлер 10 күннің ішінде бұрын жасалған сегіз мал ұрлығын ашты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
СҚО полицейлері «Мал ұрысы» жедел-профилактикалық іс-шарасын қорытындылады. Осындай қылмыстарды уақтылы ашу – ет өнімдерін сататын орындар бойынша өткізілетін рейдтердің басты мақсаты болды. Сондай-ақ, мал мен етті тасымалдаған көліктің тексерісі жүргізілді. Жедел-профилактикалық іс-шарасының он күнінде 909 автокөлік, 954 шаруа қожалығы, ферма мен жайылымдар, 269 сауда орындары тексерілді. Тәртіп сақшылары ветеринарлық қызметпен бірлесе, ілеспе құжаттардың бар-жоғын, өнімнің заңдылығын тексерді. Ветеринария саласында 61 бұзушылық анықталды.
– Жедел-профилактикалық іс-шара шеңберінде жүргізілген белсенді жұмыс бұрын жасалған қылмыстарға да қатысты болды. Операция кезінде 8 мал ұрлығы, оның ішінде өткен жылғы санаты бойынша күдіктілер анықталды. Қызылжар ауданындағы шаруашылықтардың бірінде орын алған қой ұрлығы және Ғабит Мүсірепов атындағы ауданында болған үш жылқы ұрлығы ізі суымай ашылды. Криминалдық полиция қызметкерлері ауылда белсенді профилактикалық әңгіме жүргізеді. Халықпен кездесу өткізуден басқа, әлеуметтік желілер пайдаланылады: мал ұрлығын ескерту және болдырмау бойынша ұсынымдар аудандық полиция бөлімдерінің аккаунтарында жарияланады, – деп атап өтті СҚО Полиция департаменті Криминалдық полиция басқармасының бастығы Марат Жұмалиев.