Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола облысында 15 шетелдік заңсыз жұмыс істеген

Ақмола облысында заңсыз жұмыс істеген 15 шетелдік анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

14 наурызда «Мигрант» жедел-алдын алу іс-шарасын өткізу барысында Көші-қон қызметі басқармасы мен Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Целиноград ауданы аумағында 15 шетелдік азаматты анықтады.

Шетелдік азаматтар аймақтың өнеркәсіптік өндірістерінің бірінде заңсыз жұмыс істегені анықталды.

Қазіргі уақытта құқық бұзушыларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабының 5-бөлігі (Шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының Халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы) бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды. Бес күн ішінде көші-қон полициясы қызметкерлері шетел азаматтарының болу ережелерін бұзудың 167 фактісін анықтады.

Сонымен қатар, шетелдіктерге тұрғын үй бергені және келген шетелдіктер туралы ІІО-ға уақтылы хабардар етпегені үшін 108 адам жазаланды, шетелдік жұмыс күшін және еңбекші көшіп келушілерді тартқаны үшін 17 әкімшілік хаттама жасалды. Сондай-ақ, 10 шетелдікті шығарып жіберу және 62-ін Қазақстан Республикасында болу мерзімін қысқарту туралы шешім қабылданды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру