Комиссия төрайымы қамаудағы Жанболат Мамаймен кездесті
Комиссия төрайымы қамаудағы Жанболат Мамаймен кездесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Алматы облысы және Алматы қаласы Қоғамдық бақылау комиссиясының төрайымы Ардақ Жанәбілова Алматы қаласындағы Тергеу изоляторында жатқан тергеу тұтқынындағы Жанболат Мамаймен кездесті. Кездесуге аталған комиссияның мүшесі Оксана Ибрагимова да қатысты.
Кездесу барысында Жанболат Мамаймен әңгімелескен комиссия төрайымы мен мүшесі тергеудегі күдікті тарапынан тергеу изоляторындағы ұстау жағдайына байланысты ешқандай шағым болмағанын жеткізді.
Сондай-ақ, А.Жанабілова Жанболат Мамайдың жарымен және адвокатымен де кездесіп, күдіктінің кездесу кезіндегі жағдайын баяндап, тергеу изоляторындағы ұстау тәртібіне қатысты түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Ж.Мамайға ҚР Қылмыстық кодексінің 378-бабының (Билік өкілін қорлау) бірнеше бөлімдері бойынша айып тағылып, кеше Тергеу изоляторына жеткізілген болатын.