Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағандыда тұрғындарды алдаған “жиһаз жасаушы” ұсталды

Қарағандыда тұрғындарды алдаған “жиһаз жасаушы” ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

10 наурыз күні Қарағанды қалалық Полиция басқармасына қарасты Оңтүстік-Шығыс полиция бөліміне 41 жастағы қала тұрғыны арызданды.

Азаматша полиция қызметкерлеріне алаяқтың құрбаны болғанын айтқан. Ол үйіне жиһаз алмақшы болып, әлеуметтік желіде өзін жиһаз жасаумен айналысатын жеке кәсіпкермін деп таныстырған белгісіз адаммен байланысқа шыққан. Күдікті жәбірленушіні жиһаз жасап беремін деп сендіріп, алдын ала 300 мың теңге ақша алып алған. Кейін қолына ақша түскен “кәсіпкер” байланысқа шықпай, жиһазын жасамай қойған.

Қарағанды қалалық Полиция басқармасы криминалдық полиция қызметкерлерімен жүргізілген кешенді іс-шаралар барысында осы іске қатысы бар деген күдікпен 32 жастағы адам ұсталып, мойындау көрсетпе белгілерін берді.

Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабына (Алаяқтық) сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жұмыстары барысында күдіктінің осыған ұқсас тағыда бір қылмысқа қатысы бары анықталды. Ол кезде ұсталған азамат 33 жасар азаматшаға ас бөлмесінің жиһазын жасап беремін деп 170 мың теңге ақшасын үптеп кеткені белгілі болды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру