Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбеде пәтер жалдап тұрған жігіт жалған ақша аударымдарымен тұрғынды алдаған

Ақтөбеде пәтер жалдап тұрған жігіт жалған ақша аударымдарымен тұрғынды алдаған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жас жігіт алты күн бойы 52 жастағы ақтөбеліктің пәтерін жалдап тұрған. Ол бірнеше рет жалған ақша аударымдарымен пәтер иесін алдаған. Қаскүнем смартфондағы қосымшаның көмегімен алушының аты-жөні мен сомасын көрсетіп, төлем чегін қолдан жасаған.

Әйел ақша туралы хабарлама кейінірек келеді деп үміттенген. Бірақ ешқандай ақша түскен жоқ. Шығын сомасы 78 мың теңгені құрады. Жедел-іздестіру шаралары барысында 20 жастағы күдікті анықталды.

Күдікті кінәсін мойындады. ҚР ҚК 190-бабы 1-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Осы баптың санкциясы бір мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуды, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарын, не алты жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуды, не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуді, не мүлкі тәркіленіп, сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын көздейді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру