Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада ұрлықпен ұсталған жасөспірімдерге әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетілді

Қызылордада ұрлықпен ұсталған жасөспірімдерге әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетілді – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жуырда Қызылорда қалалық Полиция басқармасы қалалық пробация қызметіне кәмелет жасқа толмаған екі азаматқа олардың мiнез-құлқын түзетуге бағытталған әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету туралы өтініш берген.

Аталған кәмелет жасқа толмаған азаматтар Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 188-бабы 3-бөлігінің 3-тармағымен (Ұрлық) күдікті деп танылып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталған.

Қызылорда қалалық пробация қызметінің аға инспекторы Н. Есенжолова кәмелеттік жасқа толмаған екі азаматқа Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 15 тамыздағы № 511 бұйрығына сәйкес әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетудің жеке бағдарламасын толтырды. Одан соң оларды заңды өкілдерімен бірге қалалық Жастар ресустық орталығына алып барды. Аталған адамдар психологтың қабылдауында болды.

Пробация инспекторы Нүргүл Есенжолова екі жасөспірімге әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетумен қатар, оларды орталық жанынан ашылған спорт секциясына қатысуына ықпал жасады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру