Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістанда “Мигрант” іс-шарасы кезінде 10 шетелдік ҚР-нан аластатылды

Түркістан қаласында “Мигрант” іс-шарасы кезінде 200-ден астам хаттама толтырылып, 10 шетелдік ҚР-нан аластатылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан ҚПБ Көші-қон қызметі бөлімінің қызметкерлері “Мигрант” профилактикалық іс-шарасы кезінде облыс орталығында рейдтік іс-шаралар ұйымдастырылуда.

Нәтижесінде, түркістандық тәртіп сақшылары ҚР ӘҚБтК-нің 518-бабы 1-бөлігімен Қазақстан Республикасы 62 азаматына хаттама толтырып, барлығына ескерту берді. Ал ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабы 3-бөлігімен 76 шетелдікке хаттама толтырылды.

ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабы 4-бөлігімен 26 шетел азаматына анықталып, әкімшілік шара көріліп, 10 адам Қазақстан Республикасы аумағынан аластатылды. ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабы 5-тармағымен 31 өзге елдің азаматына хаттама толтырылды. ҚР ӘҚБтК-нің 492-бабы 2-тармағымен – 19, 492-бап 4-тармағымен 1 шетел азаматына хаттама толтырылып, айыппұл салынды. ҚР ӘҚБтК-нің 519-бабы 1-тармағымен Қазақстан Республикасының екі азаматына айыппұл салынды.

Жалпы Түркістан қалалық Полиция басқармасы қызметкерлерімен барлығы 217 хаттама толтырылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру